Текст
Донской орта мектебінің 3 «А» сынып оқушысы Мырзатхан Бекарыс Қанатұлы қаңтар айының 27-29 аралығында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Зерде» республикалық байқауының республикалық кезеңінде «Математика, информатика» секциясы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі – Смағұлова Гүлмира Қайырқызы. 1-7-сынып оқушылары арасындағы зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХҮ республикалық «Зерде» байқауы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтті.