Текст
2 желтоқсан күні "Андықожа батыр ауылының ЖОББМ" КММ-нің 1-4-сынып оқушылары "Психология апталығының" ашылуына қатысты.Үзіліс уақытында балаларды жақындастыру мақсатында көңілді ойындар ойнатылды.
Ал 5-7-сынып оқушыларының арасында топ ішіндегі қолайлы климатты сақтау және психологиялық күйзелістен арылту мақсатында "Біз біргеміз!" тренингі өткізілді.
Бұл іс-шаралар балаларға жағымды эмоциялар сыйлап, оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға ықпал етті.