"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі"  КММ
"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі"  КММ

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша дарынды оқушыларды анықтау жолдары" Смагулова Г.К.

Педагогикалық энциклопедияда: «Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы», - деп атап көрсетіледі. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады.

Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет”. Әр баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады. «Бұлақ көрсең көзін аш» - дегендей, осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық. 

  Осы тақырыпта  жасалған жұмыстардың нәтижесінде оқушыларым түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жатыр. Айта кететін болсам, «Зерде» ғылыми жоба бойынша Мырзатхан Бекарыс облыстық кезеңде І дәрежелі дипломмен марапатталып, республикалық байқауға жолдама алып ол жердк жүлделі ІІ орын алды. Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз. Халқымыз «Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» деп бекер айтпаған.

Жаңартылған күні: 14.02.2020 01:05
Құрылған күні: 17.02.2020 11:46

Текст