"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі"  КММ
"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі"  КММ

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметтері туралы есебі

03.03.2022

«Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»

КММ-сінің  2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері

 жөніндегі қызметтері туралы есебі

 

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Біржан сал ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі – есеп) «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сіне көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген»

2) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттар: көрсетілетін мемлекеттік қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

- Мемлекеттік қызметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сіне мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді:

                  -Білім беру ұйымының мектепке дейінгі мекемесіне балалардың құжаттарын қабылдау және тіркеуге алу;

                  - Денсаулығы бойынша ұзақ мерзімде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына келе алмайтын балаларды үйден жекелей тегін оқыту үшін құжаттар қабылдау және тіркеуге алу;

                  -Білім беретін мектеп  ұйымдарының арасында басқа мектепке ауысқан балалардың ауысу құжаттарын қабылдау;

       - Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін, ведомствалық  бағыныштылықтан тәуелсіз білім беру ұйымына құжаттарын  қабылдау  және тіркеуге алу.

             2021 жылдың қорытындысы  бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер келесідегідей құрамда болды: мемлекеттік корпорация арқылы -1;  электронды түрде -0; Электрондық үкімет порталы хабарлама жүйесінде -12; қызмет берушілер арқылы  -0 қызмет.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызмет туралы хабарлама.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін, ведомствалық  бағыныштылықтан тәуелсіз білім беру ұйымына құжаттарын  қабылдау  және тіркеуге алу.

2.Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімнің стендтерінен және http://sc0005.birzhansal.aqmoedu.kz/  мектептің сайтында,  Instagram және Fecebook парақшаларында, сондай-ақ

8-71639-27274  телефоны бойынша алуға болады.

3) Мероприятия, направленные на обеспечение прозрачности процесса оказания государственных услуг (разъяснительные работы, семинары, встречи, интервью и иное).

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылаулар туралы аќпарат.

Қоғамдық талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есеп сайтта "электрондық үкімет" веб - порталында, жергілікті атқарушы органның интернет ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге баєытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және тағы басқалар).

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында жыл бойы 2 дөңгелек үстел өткізілді. Мемлекеттік органның FECEBOOK БАҚ және әлеуметтік желілерінде 1 мақала жарияланды.  

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері. Осыған байланысты Мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгеріс енгізілді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға баєытталған іс-шаралар.

Жергілікті атқарушы органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқуға қатысқандар – 2 қызметкер оқытылды: Техникалық оқу ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимде өткізілді.

 

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейтін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгеріс енгізілді.

4. Мемлекеттік қызмет кґрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылдың  қазан айында бөлімде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәніне ішкі бақылауды тексеру болды.

Бұзушылық анықталған жоқ.

 

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет кґрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштер бекітілді, 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.

 

 

 

Мектеп директоры:     Н.Бекбаев

тел.: 8(71639)27274

Сұрақтар




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 03.03.2022 09:22
Құрылған күні: 03.04.2022 15:05

Текст