Біржан сал ауданы Донской орта мектебінде Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектеп тәлімгері Женисхан Саулегульдің және сынып жетекшілері Светова С.В. мен Ержанова А.М. -ның ұйымдастыруымен жас жеткіншектерді еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін, рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін "Бірыңғай Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 5-сынып оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиыны өтілді. "Жас Ұлан" ұйымына мүшелікке қазақ және орыс 5-сыныптарынан 17 оқушы қабылданып, ант беріп, мойындарына көк галстуктарын, кеуделеріне төсбелгілерін тақты.