Текст
Ағымдағы жылдың ақпан айының 5-і күні Донской орта мектебінде жас жеткіншектерді адамгершілікке баулу, адалдықты насихаттау мақсатында 10-11-сыныптарда "Адалдық - ардың белгісі", 7-сыныпта "Адалдық-ардың ісі" тақырыптарында адалдық сағаттары өтілді. Оқушылар адалдық туралы өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, ой бөлісті. Адалдық туралы мақал-мәтелдердің мазмұнын ашты. Тіпті қазіргі қоғамдағы адалдық, әділдік жайында пікірталас өткізіліп, оқушылар өз ойларын дәйекті пікірлерімен дәлелдеді.