Текст
Елімізде жыл сайын наурыз айының 1-і күні
"Алғыс айту күні" болып аталып өтіледі. Алғыс айту күніне орай Донской орта мектебінде біршама жұмыстар жүргізілуде. Ақпан айының 23-і күні "Алғысы мен батасын ал!" тақырыбы бойынша мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары жалғыз басты қарт адамдарға көмек көрсетті. Атап айтсақ, үйдің ауласын ауа райының қолайсыздығынан түскен қалың қардан тазартты. Қарт ана бізді қуана қарсы алып, алғысы мен батасын жаудырды.