"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі"  КММ
"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі"  КММ

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елбасы жолдауы 2018!

25.01.2018

10 қаңтарда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2018 жылға арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция

жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын жолдады.

Бұл жолдауда Елбасымыз өткен 2017 жылы жеткен жетістіктерге  тоқталды. Атап айтқанда, біз дүниежүзілік «ЭКСПО» мамандандырылған көрмесін өткізуде әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болдық. 2017 жылы біздің ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды(2018 жылдың қаңтар айында оған төрағалық етудеміз).

2018 жылғы жолдау 10 бағыттан тұрады. Ал өзім білім саласының қызметкері,  мұғалім, болғандықтан бұл жолдаудың жетінші бағыты «Адами капитал – жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасы» аса  маңызды деп ойлаймын.  Себебі, бұл бағытта  мектепке дейінгі білім беру ісінде ,орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу, үштілдік оқыту мен латын әліпбиіне көшу  сияқты бүкіл

ұстаздар үшін маңызды мәселелер туралы айтылған. 

  Менің ойымша,жолдауда көрсетілген бағыттарды ұстана білсек қана білімді, білікті және

бәсекеге қабілетті ұрпақ өсіре аламыз.

Донской орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі:  Амиржанова А.К.

 

Просмотров: 577


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст