Текст
«Мың бала» мәдени-ағарту жобасы
Донской орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 21 ақпан күні «Мың бала» мәдени-ағарту жобасын жалғастыру мақсатында жобаның ашылу салтанаты өткізілді. Әр пән
мұғалімдері оқушылармен түрлі іс-шаралар ұйымдастырып өткізді. Атап айтсақ, «Қазақ тілін кім жақсы біледі?», «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», «Мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы», «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл».
Сонымен қатар бұл жобаның жылдық жоспары құрылды. Бұл жобаны ұйымдастырып өткізудің негізгі мақсаты-этнос балаларының мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын, құлшыныстарын арттыру болып табылады.