Елордада күн әлі ыстық емес, бірақ суға түскісі келетіндер де бар. Бірақ мас күйінде. Мұндай қадам жас жігіттің өмірін қиды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өлім фактісін тіркеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин хабарлады. Оның айтуынша, өткен шомылу маусымында 350 адам суға кеткен.
«Бұл Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін ғана емес, барлық қазақстандықтар үшін өзекті мәселе. Жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен суға түсуге болатын орындар айқындалады. Акваторияның, жағалау жиегінің жай-күйін тексергеннен кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер осы жер учаскелерін жағажайлар ретінде пайдалану құқығына рұқсат береді. Тиісінше, инфрақұрылым ұйымдастырылуы керек, жүзуге болатын орындар, жүзуге болмайтын жерлерде шектеулер мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін пост ұйымдастырылуы керек. Бұл, ең алдымен, жергілікті атқарушы органдардың жұмысы. Неге ішкі істер қызметкерлерімен бірге рейдтік іс-шаралар өткіземіз? Себебі өткен жылы шомылу маусымында қайғылы оқиғалар болды. Тек шомылу маусымында 350 адам қайтыс болды, оның ішінде 70-ке жуығы бала. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етпейтін және жабдықталмаған жерлерде шомылудың салдары осындай қайғылы оқиғаға әкелетінін білдіреді», - деп қорытындылады елдің бас құтқарушысы.