Текст
Желтоқсан айының 6-сы күні Донской орта мектебінің қазақша және орысша оқытылатын бастауыш сыныптары арасында мектебіміздің тәлімгері
Жеңісханқызы Сәулегүл мен кітапханашысы Арапова Светлана Анатольевнаның ұйымдастыруымен «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне» арналған
«Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан - жүрегім» тақырыбында сайыс өтілді. Бұл сайысқа 2-4 «а», «б» сыныптарының оқушылары 6 топқа бөлініп қатысты.
Сайыстың негізгі мақсаты – оқушыларға Қазақстан туралы, оның Тәуелсіздігі туралы қосымша мәліметтер бере отырып, өз елін , жерін, Отанын сүюге, қадірлеп, қастерлеуге баулу, ана тілін сүюге тәрбиелеу.