Текст
Нақты ғылым апталығы аясында ағымдағы жылы 23-ақпан күні математика пәнінің мұғалімі Ахай Жанаргүл 10-11 сынып оқушылары арасында "ХХl ғасыр көшбасшысы" атты интеллектуалдық математикалық сайыс өткізді. Сайыс өте жоғары деңгейде жоспарланып, ұйымдастырылып өткізілді. Сайысқа қатысушы оқушылар алғыр білімдерімен көзге түсті. Қорытынды нәтиже бойынша 10-сынып оқушысы Жанай Алмаз үздік деп танылып, мадақтамамен тәтті сыйлықпен марапатталды.