Текст
Наурыздың 6-сы күні мектебімізде гуманитарлық пәндер бірлестігінің негізінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ержанова А. 8-11«б» сыныптар арасында «Білім белестері» атты іс-шара өткізді. Сайыс 5 кезеңнен тұрды: «Бәйге»,«Дұрыс па, бұрыс па?», «Алты мақал», «Ғажайып алаң»,«Тапқырлық». Оқушылар ережелерге байланысты тапсырмалар орындап, әдеби шығармалардың авторы мен қысқаша мазмұнын айтты. Сайыс соңында «Қыран» тобы жеңімпаз атанып, оқушылар марапатталды.