Текст
Гуманитарлық пәндер декадасының аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейнел Отангүл 8-10 «а» сыныптар арасында «Алтын қақпа» атты интеллектуалды марафонын өткізді. Алғашқы кезең «Ағаш қақпа» - іріктеу кезеңі, келесі «Темір қақпа»,«Күміс қақпа», соңғы кезең «Алтын қақпа» деп аталды. Сұрақтарға жылдам, дұрыс жауап берген оқушылар алға озып, сайыс соңында 9 сынып оқушысы Унатхан Қайсар белсенділік танытып алтын қақпаны ашты. Барлық оқушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз оқушы дипломмен марапатталды.